«Абайлаңыз, балалар!»: оқушыларға жол қауіпсіздігі ойын арқылы түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында №29 орта мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі бойынша интерактивті сабақ өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға жол жүрісі ережелерін түсіндіру, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Сабақ ойын форматында ұйымдастырылып, оқушылар жол белгілерін танып, жолдан қауіпсіз өту тәртібін қайталап, түрлі тапсырмалар арқылы өз білімдерін бекітті. Интерактивті тәсіл балалардың сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар оқушыларға «Үй – мектеп – үй» қауіпсіз маршрутының маңызы түсіндірілді. Балалар күнделікті мектепке баратын жолдарын талдап, жолдан өтуге қолайлы әрі қауіпсіз орындарды анықтады.

Мамандар балаларға жолдан тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өту, бағдаршам талаптарын сақтау, жол бойында ұялы телефонға алаңдамау және көлік қозғалысына мұқият болу қажеттігін еске салды.

Ойын форматындағы сабақ балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, жол қауіпсіздігі ережелерін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1292202?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version