ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Департамент басшысының орынбасары Р.Мажитов пен облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.Омарованың қатысуымен жер қатынастары басқармасының қызметкерлері арасында әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауы, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, қызмет көрсету сапасын арттыруы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Нақтырақ айтқанда:
азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
іскерлік киім үлгісін сақтау;
мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
масаң күйде көлік құралын басқармау;
әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескертілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің маңызды негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1292227?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version