Диқандар көктемгі егіс науқанында атқарылған еңбектің нәтижесін жинап, алқаптағы астықты ысырапсыз қамбаға құю жолында еңбек етуде.
Биылғы жылы аудан бойынша 171 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 130,2 мың га, майлы дақылдар – 16,4 мың га, мал азығы дақылдары – 24,3 мың га, картоп, бақша және көкөніс дақылдары – 52,5 га.
Бүгінгі күнге жаздық егістің 105 998 гектары немесе шамамен 81,4%-ы орылып, орташа өнімділік 7,0 ц/га құрап, жалпы 74 198 тонна өнім жиналды.
Дала төсіндегі тынымсыз еңбек әлі де жалғасып жатыр. Егін орағы жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, науқанды уақытылы әрі сапалы аяқтау бағытында барлық қажетті шара атқарылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1292179?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау