Бүгін Алматы облысының Полиция департаментінде «Халық үніне құлақ асктын мемлекет» қағидаттарын іске асыру аясында азаматтармен кезекті апта сайынғы кездесу өтті.
Қабылдау барысында облыстың әртүрлі аудандарынан келген тұрғындар қылмыстық істерге қатысты және ішкі істер органдарының көмегін қажет ететін өзге де мәселелер бойынша жүгінді.
Әрбір өтініш бойынша азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, олар бойынша қажетті жұмыстарды заң талаптары мен белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылды.
«Азаматтардың ешбір өтініші назардан тыс қалмайтынына сендіремін. Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер менің жеке бақылауымда болады. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданады», – деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1291992?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау