«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ 2026 жылғы 22 қыркүйек «Ашық есік күнін» өткізуді жоспарлап отыр.
Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі, 60.
Іс-шара азаматтық қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында өткізіледі.
«Ашық есік күні» аясында Департамент мамандары медициналық қызметтер (медициналық көмек) көрсету саласын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндірмелер береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1291845?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау