Бүгін халық пен мемлекеттік орган арасындағы байланысты нығайту, азаматтарға қажетті ақпарат пен түсіндірмелер беру мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Акция аясында Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қожабергенов Талғат Ермекұлы бірқатар азаматтарды қабылдап, олардың ветеринария саласына қатысты сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында ветеринария саласында лицензия алу тәртібі мен талаптары, сондай-ақ кәсіби қызметке қатысты мәселелер көтерілді. Бөлім басшысы қойылған сұрақтарға қолданыстағы талаптар шеңберінде түсіндірме беріп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, жас мамандардың ветеринария саласына қызығушылығын арттыру және ветеринариялық мекемелерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде кеңестер айтылды. Ветеринария саласының жануарлар саулығын қамтамасыз етудегі, халықтың қауіпсіздігін сақтаудағы және ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызы атап өтілді.
«Ашық есік күні» барысында азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Мұндай кездесулер азаматтармен тікелей байланыс орнатып, олардың мәселелерін тыңдауға және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1292196?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау