Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Асыраушысынан айырылған жағдайда, қайтыс болған асыраушының асырауындағы еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

Жәрдемақы алуға:

  • кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде асырап алынған және өгей балалары;
  • 18 жасқа дейінгі, еңбекке жарамды ата-аналары жоқ аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері;
  • 18 жасқа дейін мүгедектігі белгіленген отбасы мүшелері;
  • күндізгі оқу нысанында білім алатын, 23 жасқа толмаған балалары;
  • зейнеткерлік жасқа толған ата-анасы немесе жұбайы;
  • қайтыс болған асыраушының 8 жасқа толмаған балаларын және басқа да көрсетілген отбасы мүшелерін күтіп-бағумен айналысатын, жұмыс істемейтін туыстары құқылы.

Отбасының барлық құқығы бар мүшелеріне бір жалпы жәрдемақы тағайындалады. Отбасы мүшесінің өтініші бойынша жәрдемақының оған тиесілі үлесі бөлініп, жеке төленуі мүмкін.

Жәрдемақы мөлшері отбасы мүшелерінің санына және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты қайта қаралады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жағдайда жәрдемақы алуға құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1292204?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version