15 қыркүйекте аудан әкімдігінің мәжіліс залында Атбасар ауданының әкімі К.Әлімжановтың төрағалығымен мемлекеттік мекемелер басшыларының, Атбасар қаласы, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының өзекті мәселелері қаралды. Негізгі қозғалған мәселелердің бірі -Атбасар ауданында ветеринариялық станциялар құрылысы болды, сөз “Атбасар ауданының кетеринарлық станциясы” ШЖҚ КМК басшысы Ә. Искаковқа берілді. Талқылау барысында ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді ветеринариялық қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету және осы бағыттағы жұмысты одан әрі ұйымдастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, салық жинауға ерекше назар аударылды. Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б. Тайлақбаева кеңеске қатысушыларды салық төлемдерінің түсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Бұл мәселеде мемлекеттік кірістер органдарының елді мекендердің әкімдерімен өзара іс-қимылы және салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстары ерекше маңызға ие. Сондай-ақ міндетті төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу мәселесі қаралды. Ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері берешекті қысқарту, борышкерлермен өзара іс-қимыл және міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Кеңес барысында аудан басшылығы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, жергілікті жерлерде жұмысты күшейту, орындаушылық тәртіпті арттыру және қойылған міндеттердің орындалуын тұрақты бақылау қажеттігін атап өтті. Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша көтерілген сұрақтар бойынша жұмыстың одан әрі бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/1291809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау