Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі — бұл ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АШЖБ дерекқоры) дерекқорында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарлары мен  олардың иелері туралы қате, ескірген мәліметтерді және олқылықтарды түзетуге, өзектендіруге бағытталған мемлекеттік қызмет.  

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі – құжаттар тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті мемлекеттік ветеринариялық ұйымға өтініш пен мәліметтерді өзектендіруге немесе түзетуге негіз болатын құжаттарды ұсынуы қажет.

Ауыл шаруашылығы жануарларын иелері және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы дерекқордағы мәліметтерді өзектендіру үшін қажет:

1. Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2. Мәліметтерді өзектендіруге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;

3. Жануарларға меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері (шарттар, мәмілелер, тапсыру актілері, бөлу баланстары, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар, сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындауға жататын іс-қимылдар туралы хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы).

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы дерекқордағы мәліметтерді түзету үшін өтініш пен ветеринариялық паспорттың көшірмесі ұсынылу қажет.

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы дерекқордағы мәліметтерді түзету үшін белгіленген нысан бойынша өтініш ұсынылады.

Құжаттар тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ветеринария саласындағы жауапты маман АШЖБ дерекқорындағы мәліметтерді тексереді және олардың ұсынылған құжаттарға сәйкестігін айқындайды. Қажет болған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жергілікті жерде салыстырып тексеру жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша тиісті өзектендіру (түзету) актісі жасалады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жауапты маман АШЖБ дерекқорындағы тиісті өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады және үзінді-көшірмені рәсімдейді;

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мынадай мәліметтер түзетуге жатады:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауындағы әріптік қателер, олқылықтар;
  • ЖСН, БСН-дағы сандарды өзгерту, олқылықтарды жою.

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мынадай мәліметтер түзетуге жатады:

  • ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі;
  • түрі;
  • ауыл шаруашылығы жануарының піштірілгені туралы мәліметтер.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру келесі жағдайларда жүргізіледі:

1. жеке тұлға – ауыл шаруашылығы жануары иесінің аты, әкесінің аты, тегі өзгерген кезде;     

2. дара кәсіпкер қайта тіркелгенде, оның атауы, заңды мекенжайы немесе өндіріс объектісінің есепке алу нөмірі өзгерген кезде ;     

3. заңды тұлғаға біріктіру, өзгерту, қосу, бөліп шығару нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде;     

4. заңды тұлға – ауыл шаруашылығы жануарының иесінің өндіріс объектісінің орналасқан жерінің мекенжайы, есепке алу нөмірі өзгерген кеде;      

5. ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы немесе өзге де заттық құқық туындаған, өзгерген немесе тоқтатылған кезде.

Бұл ретте, мәліметтерді түзету, негізінен, бұрын енгізілген деректерден қателер анықталған жағдайда жүргізіледі. Ал мәліметтерді өзектендіру нақты өзгерістердің орын алуына байланысты жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, сот тәртібімен белгіленген фактілер бойынша дерекқордағы тиісті мәліметтер сот актісінің негізінде түзетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің қолжетімділігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды енгізу азаматтар мен ауыл шаруашылығы субъектілеріне қызмет алу рәсімін жеңілдетуге, қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мемлекеттік органдарға тікелей жүгіну қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, қазіргі таңда, аталған мемлекеттік қызметті «Tort tulik» мобильді қосымшасы арқылы баламалы негізде алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған мобильді қосымша жануарлар мен олардың иелері туралы мәліметтерді цифрлық форматта басқару және тиісті ветеринариялық рәсімдерді онлайн режимде жүзеге асыруға арналған.      

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қосымша ақпарат бойынша азаматтар жергілікті ветеринариялық ұйымдарға жүгіне алады. Сонымен қатар, Қарағанды облысының ветеринария басқармасына 8 (7212) 56-00-71 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-veterinaria/press/news/details/1292062?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version