Семей қаласы мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарларына.
Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10.00-де өтеді.
Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 9 сағ. 30 мин.
Өткізілетін орны: Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, мәжіліс залы (2-қабат).
Ұсынылатын күн тәртібі:
- 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2026–2027 жылдардағы қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық барысы туралы есеп.
- Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 51/272-VIII «Семей қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
- Семей қаласының денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі туралы.
- 2026–2027 жылдардағы су тасқыны қаупі бар кезеңнен өтуге дайындық барысы туралы.
- Әртүрлі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1291657?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау