Хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының білім басқармасының 2026 жылғы 25 тамыздағы №01-02/2073 хатына сәйкес Ақтөбе қаласы білім бөлімінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №357 бұйрығымен «Ақтөбе облысының үздік педагогі» атағына және «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағын беруге арналған конкурстық комиссия құрамы бекітілді. Аталған конкурсқа қала педагогтерінен 89  портфолио қабылданды.  1 кезең (қалалық) бағалау тетіктері «Ақтөбе облысының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру, олардың сипаттамасы және біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері» ережеге сәйкес жүргізілді. «Ақтөбе облысының үздік педагогі»  төсбелгісін беру жөніндегі үміткерлердің қызметін бағалау критерийлері бойынша төмендегідей қорытынды шығарылып, 2 кезең Ақтөбе облысының білім басқармасына ұсынылды.

 

«Ақтөбе облысының үздік педагогі» атағына:

  • Улукпанова Жанат Максатовна – «№80 ЖББОМ» КММ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
  • Еркебаева Жанат Бердіқызы – «№61 ЖББОМ» КММ, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі;
  • Советова Куляш Абдигалиевна – «№17 гимназия» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
  • Жарылғасова Жаңылсын Майланқызы – «Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» КММ, бастауыш сынып мұғалімі.

Ақтөбе облысының құрметті ұстазы атағына:

  • Матигулова Жанна Кенесовна – «№51 гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ұсынылсын.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-oo/press/news/details/1291732?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version