Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында Қызылорда облысының аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара 9–12 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, оның барысында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін сақтауына, сондай-ақ көші-қон заңнамасының талаптарын орындауына бақылау жүргізді. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында барлығы 108 құқық бұзушылық анықталды. Шетел азаматтары тарапынан 57 құқық бұзушылық анықталып оның Қазақстан Республикасының аумағынан 19 шетел азаматы шығарылды. Сонымен қатар шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының 51 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шет мемлекеттерден жұмыс істеу мақсатында келген шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағында болудың заңнамада белгіленген мерзімдерін сақтап, қажетті құжаттарын уақтылы заңдастыруға және көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.Шетел азаматтарын жұмысқа тартатын жұмыс берушілер мен азаматтар да қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға міндетті. Заң талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1291580?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау