Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты М. Уринбасаров «Назар аударыңыз, балалар!» және «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында «М. Атымов атындағы білім беру мектебінің» бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында полицей оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жол белгілерінің негізгі түрлері мен олардың мағынасы, жолдың жүру бөлігін қауіпсіз кесіп өту тәртібі және жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар балаларға бағдаршамның талаптарын сақтау, жолдан өту кезінде барынша сақ болу және жол бойында белгіленген қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері осындай профилактикалық іс-шараларды жыл сайын тұрақты түрде өткізіп, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жасөспірімдердің заң талаптарын білуіне өз үлестерін қосып келеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мұқият болу – өмір қауіпсіздігінің кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1292078?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау