Облыстық мәслихат төрағасы Н.С.Кобжанов, бейінді комиссиялардың төрағалары Қ.Б.Оспанова, А.Ж.Алимжанов және облыстық мәслихат депутаттары А.Ж.Аманжолов, Г.С.Токсамбаев ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды сүйемелдеу жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған стратегиялық сессияға қатысты.
Стратегиялық сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары О.К.Таурбеков, бала құқықтары жөніндегі уәкіл И.Б.Киселева, ЮНИСЕФ өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.
«Aqylsana» қоғамдық қорының бастамасымен, қор жетекшісі Маржан Турлубекованың ұйымдастыруымен өткізілді.
Талқылаудың негізгі тақырыбы – бала мен отбасын ведомствоаралық сүйемелдеудің бірыңғай тетігін қалыптастыру. Бұл медициналық, әлеуметтік, білім беру және психологиялық қызметтерге уақтылы әрі кешенді қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды кешенді және үздіксіз сүйемелдеудің тиімді жүйесін қалыптастыру – басым міндеттердің бірі. Мұндай жүйе қажетті қызметтерге уақтылы қол жеткізуді ғана емес, сонымен қатар тиімді ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс», – деп атап өтті облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов.
Стратегиялық сессия барысында бейінді ұйымдардың басшылары мен сарапшылар өз бастамаларын таныстырды. «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры, профессор Б.Г.Кошерова енгізіліп жатқан модельді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және оның тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдерін таныстырды.
«Aqylsana» ҚҚ және «Balpan» түзету орталығының жетекшісі Маржан Турлубекова бала мен отбасын бірыңғай сүйемелдеу маршрутының практикалық моделін ұсынды. Модель қажетті қызметтерді алу барысында отбасыға дәйекті және үздіксіз қолдау көрсетуге бағытталған. Баяндама барысында маршруттың негізгі кезеңдері, бейінді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ оны алғашқы 20 отбасында пилоттық режимде сынақтан өткізу тәсілдері ұсынылды.
Осы бағытта Қарағанды облыстық мәслихаты әлеуметтік қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Депутаттар азаматтардың өтініштерін қарайды, ата-аналармен және бейінді мамандармен кездесулер өткізеді. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Қадиша Оспанованың бастамасымен Қазақстан Республикасында балаларға паллиативтік көмек көрсету стандарты әзірленіп, қабылданды. Сонымен қатар өңірлік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері де көтерілуде.
Бастама аясында қатысушылар бала мен отбасын сүйемелдеудің бірыңғай маршрутын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Оның алғашқы кезеңінде модельді 20 отбасында сынақтан өткізу жоспарланып отыр.
«Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдірудің негізгі бағыттары, сондай-ақ осы тетікті өңірлік деңгейде одан әрі енгізу мүмкіндіктері айқындалады», – деп атап өтті стратегиялық сессия модераторы Қадиша Оспанова.
Стратегиялық сессияға қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына тиімді қолдау көрсету жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың, мамандардың, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар қауымдастығының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығына назар аударды.
Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов атап өткендей, стратегиялық сессия қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдар жүйелендіріліп, одан әрі қарау және тиісті бастамаларды Қазақстан Республикасының Құрылтайында ілгерілету үшін жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1292377?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау