Қазақстанда қоныс аударған азаматтарға жаңа жерде жұмысқа орналасуға, баспана мәселесін шешуге және отбасының бейімделуіне бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Қандастарға 25 түрлі қызмет ұсынылады. Оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, баспана іздеу және таңдау, жер учаскесін алу, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыру, медициналық, құқықтық және консультациялық көмек бар.
Қаржылай қолдау да қарастырылған:
🔹 отбасының әр мүшесіне қоныс аудару үшін 70 АЕК;
🔹 тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге 15-тен 30 АЕК-ке дейін;
🔹 1625 АЕК мөлшерінде экономикалық мобильділік сертификаты.
Маңызды қағидалардың бірі – жеке сүйемелдеу. Көші-қон әлеуетін бағалау кезінде адамның кәсіби білімі мен дағдылары, әлеуметтік жағдайы, білімі және жаңа ортаға бейімделу мүмкіндігі ескеріледі. Осыған сәйкес қажетті қолдау шаралары айқындалады.
Қолдау алу үшін Үкімет айқындаған қоныстану өңірлеріне бару қажет. Олардың қатарында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстары бар.
Мемлекеттік қолдаудың басты мақсаты – қоныс аудару процесін жүйелі ұйымдастырып, азаматтардың жаңа жерде жұмысқа орналасуына, тұрмысын реттеуіне және бейімделуіне жағдай жасау.
▶️ Толығырақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бейнеролигінен біле аласыздар.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1291570?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау