Сеулде Қазақстан мен AFoCO-ның орман шаруашылығы және көміртегі жобалары саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 қыркүйек, Сеул қаласы, Корея Республикасы. Орман шаруашылығы мәселелері жөніндегі министрлік форумға қатысу аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.К. Шарбиев Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымының (AFoCO) атқарушы директоры Пак Чонхомен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ормандарды орнықты басқару, ормандарды қалпына келтіру, орман көміртегі жобаларын дамыту, инвестициялар тарту және орман шаруашылығына заманауи тәсілдерді енгізу салаларындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Қазақстанда көміртегі жобаларын практикалық іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен AFoCO арасында орнықты орман шаруашылығы және көміртегі жобалары саласындағы ынтымақтастық туралы Өзара түсіністік жөніндегі меморандум папкаларымен алмасу рәсімі өтті.

Меморандум бірлескен бастамаларды одан әрі пысықтауға негіз қалыптастырады. Атап айтқанда, құжат мүдделі ұйымдардың қатысуымен Қазақстанда көміртегі жобасын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуді көздейді. Жоба 100 мың гектардан астам орман қорғау белдеулері мен агроорман-мелиорациялық аумақтарды қамтуы мүмкін. Сондай-ақ тараптар әлеуетті қаржыландыру көздерін бірлесіп іздестіруді жоспарлап отыр.

Қол жеткізілген уағдаластықтар әлеуетті жобаларды нақты пысықтауға, оларды іске асыру тетіктерін айқындауға және қаржыландыру тарту мәселелерін қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жекелеген жобалар бойынша нақты заңдық міндеттемелер алдағы уақытта тараптардың дербес келісімдерімен рәсімделуі мүмкін.

Сонымен қатар тараптар болашақ жобаларды Қазақстан ілгерілетіп отырған «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасымен ұштастыру мүмкіндіктерін талқылады. Бастама орман экожүйелерін қалпына келтіру, жасыл аумақтарды ұлғайту және орман көміртегі жобаларын іске асыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Вице-министр Қазақстанның орман шаруашылығын дамыту үшін халықаралық тәжірибе, технологиялар мен инвестицияларды тартуға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ AFoCO-мен ынтымақтастық ел аумағында нақты практикалық жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға және Қазақстанда кейіннен іске асыру үшін перспективалы жобаларды айқындауға дайын екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292231?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version