ШҚО-да полицейлер ҚАЕУ студенттеріне қауіпсіздік пен жауапкершілік туралы айтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     ШҚО-да ҚАЕУ-дың 200-ден астам бірінші курс студенттері полицейлермен қауіпсіздік пен жауапкершілік туралы әңгімелесті.

     Жаңа оқу жылында студенттер үшін таңдаған мамандығы бойынша білім алу ғана емес, сонымен қатар қауіпті жағдайлардан қорғану жолдарын түсіну және құқық бұзушылықтың қатысушысы атанып кетпеу маңызды.

     Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мәди Қалиакпаров пен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Нұрасыл Долдаханов студенттерге жастар күнделікті өмірде қандай қатерлермен бетпе-бет келуі мүмкін екенін түсіндірді.

     Кездесуде есірткі тақырыбына – тыйым салынған заттарды тұтыну, сақтау және тарату үшін қарастырылған жауапкершілікке, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге тартып әкелуі мүмкін “оңай табыс” ұсыныстарының қауіп-қатеріне ерекше назар аударылды.

     Бұдан бөлек, полицейлер негізгі әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды жасағаны үшін болатын салдар туралы айтып, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салды және студенттердің сұрақтарына жауап берді.

     Іс-шара екі лекпен өтті. 1-курс студкнттері үшін бұл тек заң туралы ақпарат тыңдау ғана емес, шынайы өмірде қажет болатын маңызды сұрақтарды тікелей қоюдың тамаша мүмкіндігі болды.

     Бастысы – жағдайды түзеу қиынға соққан кезде емес, өз шешімдерінің ықтимал салдарын алдын ала түсіну.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1291902?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version