ШҚО-да жылыту маусымы алдында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыста 1 қазаннан басталатын жылыту маусымы қарсаңында тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді. ТЖД қызметкерлері үйлерді аралап, пештерді, мұржаларды және электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндіруде.

Бұл жөнінде ШҚО ТЖД мамандары Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Өткен жылыту маусымында облыста 460 өрт тіркелсе, оның 341-і тұрғын үй секторында болған. Жеке тұрғын үйлердегі өрт салдарынан 22 адам қаза тапқан. Мамандар қайғылы жағдайлардың негізгі себептеріне отты абайсыз пайдалануды, мас күйінде төсекте темекі шегуді және пештерді пайдалану талаптарының бұзылуын жатқызады.

Жылыту маусымында көміртегі тотығынан улану қаупі де артады. Биыл жыл басынан бері облыста 21 адам көміртегі тотығынан зардап шеккен.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, қауіптің алдын алу үшін үйлерге көміртегі тотығы датчиктерін орнату жалғасып жатыр. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың баспаналарына басымдық беріледі.

Соңғы алты жылда облыста 17 мыңнан астам көміртегі тотығы датчигі орнатылған.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1291917?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version