Абай облысында абаттандыру ережелерін бұзудың 9 916 фактісі тіркелді.
Абай облысында қалалар мен елдімекендерді абаттандыру ережелерін бұзудың 9 916 фактісі тіркелді. Оның ішінде 851 жағдай қоғамдық орындарды ластауға қатысты.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс аумағында 1 931 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның 1 013-і тұрғын үйлердің аулаларында орнатылған. Бейнебақылау жүйесі арқылы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, кінәлі тұлғаларды белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс аумағындағы 73 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, жойылды.
Полиция азаматтарды тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады. Көшелер, тұрғын үйлердің аулалары мен қоқыс контейнерлерінің маңы тұрмыстық қалдықтарды бейберекет тастайтын орын емес.
Қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға әр азамат өз үлесін қосуы қажет. Қаланың тазалығы мен көркеюі – ортақ жауапкершілік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1291947?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау