ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауран ауданында тұрғындарды сапалы мобильді байланыс және жоғары жылдамдықты интернетпен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылға жоспарланған іс-шаралар аясында «Kcell» АҚ тарапынан аудан аумағындағы бірқатар елді мекенге жаңа базалық станциялар орнатылды.
Атап айтқанда, базалық станциялар Қазақстанның 30 жылдығы ауылдық округіне қарасты Шаға елді мекенінде, Ескі Иқан ауылдық округінде және Жүйнек ауылдық округіне қарасты Шекербұлақ елді мекенінде іске қосылды.
Сонымен қатар, республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойын жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтуға басымдық берілуде. Ауданда цифрлық инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді сапалы байланыспен қамту және интернет қызметтерінің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1292266?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version