«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!»: БОТАҚАРАДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде тағылымды кездесу өтті. Оған ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Бүгінде Бұқар жырау ауданы жобаға қатысушылар саны бойынша көш бастап тұр. Аудан бойынша 500-ге жуық оқушы тіркеліп, байқауға қатысуға дайындалуда.

Кездесудің мақсаты – жас ұрпақты қазақтың батырлық жырларымен тереңірек таныстыру, олардың тарихи-әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Қатысушыларға жырды мәнерлеп жатқа оқу, шығармада кездесетін көне сөздер мен тарихи атаулардың мағынасын түсіндіру, сондай-ақ жыр оқиғаларын тарихи жер-су атауларымен байланыстыра талдау тәсілдері таныстырылды.

Жоба аясындағы байқау оқушылардың жаттау қабілетін ғана емес, ұлттық мұраны терең түсінуі мен оны көркем жеткізе білу шеберлігін дамытуға бағытталған.

Кездесу барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, оқушылар байқауға дайындық бойынша пайдалы кеңестер алды.

Ұлттық тарихымыз бен әдеби мұрамызды дәріптейтін жобаға қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жырды жатқа айтып қана қоймай, оның мәнін терең түсініп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет.

#ТұлпарМініпТуАлған

#til_qaragandy

#qazaqepos2026

#ТілМәртебесі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1291818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version