Зеренді ауданында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауданында прокуратура органдарының жұмысы нәтижесінде мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен 13 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды.

Іске асырылған жобалардың қатарында Қанай би, Қызылсая, Васильковка, Баратай, Көктерек, Ақ адыр, Өзен, Өркен, Заречное, Жылымды, Садовое және Троицкое ауылдарында су құбырларын салу, сондай-ақ Зеренді ауылында Балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ашу жобалары бар.

Аталған жобалардың іске асырылуы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және мыңдаған тұрғынның өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Бүгінде барлық нысандар пайдалануға беріліп, күнделікті халық игілігіне қызмет етуде.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1291628?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version