Жаңаарқа ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші алкогольдік масаң күйде қайтадан рөлге отырған. Оқиға 13 қыркүйекте болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Жаңаарқа кентінің айналма жолында Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 1997 жылы туған жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, жыл басынан бері полиция қызметкерлері көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару фактілеріне қатысты 229 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Полиция азаматтарға жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Масаң күйде көлік басқару жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Полиция ескертеді: масаң күйде рөлге отырмаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1291584?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау