Шымкент қаласының Әділет департаменті Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізуде.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №56 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға тегін құқықтық консультация ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға жаза өтеу тәртібі, сотталғандардың құқықтары мен міндеттері, сот актілерін орындау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзге де мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, сотталған азаматтар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан жеке консультация алды. Әрбір мәселе қолданыстағы заңнама талаптары аясында қаралып, тиісті құқықтық түсіндірмелер мен нақты кеңестер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ қоғамға қайта бейімделуіне құқықтық қолдау көрсету.
Шымкент қаласының Әділет департаменті алдағы уақытта да «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1293095?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау