«АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!» АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14–16 қыркүйек аралығында республика көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясы өткізілуде.

Акция барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауына және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын орындауына ерекше назар аударады.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!

Жол жүрісі қағидаларын сақтап, жолда барынша мұқият әрі сақ болыңыздар. Жаяу жүргіншілерге жол беріп, өзіңіздің және өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар!

Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1292410?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version