Алматы қаласының медицина қызметкерлерінен құралған делегация омыртқаның аз инвазивті және эндоскопиялық хирургиясы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Гуанчжоу (ҚХР) қаласындағы мамандандырылған жарақаттану және ортопедия ауруханасына барды.
Қазақстандық мамандар омыртқаға ота жасаудың заманауи технологияларымен, клиника жұмысының ұйымдастырылуымен және отадан кейінгі оңалту тәсілдерімен танысты. Аталған орталықта жыл сайын 1600-ден астам күрделі ота жасалады.
Сапар қорытындысы бойынша ынтымақтастық орнату және Қазақстанның медициналық практикасына озық технологияларды енгізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл болашақта емделушілердің омыртқа ауруларын емдеудің заманауи аз инвазивті әдістеріне қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жұмыс сапарын Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Б. Нұрлыханов бастап барды. Делегация құрамына қаланың жетекші мамандары — А.Т. Чорманов, Х.А. Дасибеков, М.М. Әлиев, Б.М. Ағлақов, М.С. Алматов және К.Ю. Ли енді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1292772?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау