16 қыркүйекте облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне арналған Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау, мемлекеттік органдардың басшылары және қоғам өкілдері қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы – қылмыстың цифрлық трансформациясы жағдайында жұмыс әдістерін жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.
Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи мониторинг және талдау технологиялары қолданылатын болады. Бұл қауіпті нысандарды жедел анықтап, қылмыстардың алдын ала кезеңдерінде олардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілер арқылы заңсыз әрекеттерге тартылып жатқан жастардың профилактикасына ерекше назар аударылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың одан әрі бағыттары, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар айқындалды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1292919?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау