Ақтөбеде ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін, 16 қыркүйекте Ақтөбеде Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарының кестесіндегі жарыстар басталды.  

Еліміздің 17 облысынан келген жас спортшылар волейбол және 3×3 баскетболдан, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері — асық ату мен бес асықтан бақтарын сынап жатыр.  Жарыстар Ақтөбе қаласындағы бірнеше спорт алаңында өтуде.  

Байрақты бәсеке 2500 жас спортшының басын біріктірді. Қатысушылар республикалық ойындар бағдарламасына енген спорттың 10 түрі, атап айтқанда, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және футзалдан өзара мықтыны анықтайды.  

Ұйымдастыру алқасы ойындар ауылдық жерлерден келген жас спортшыларға республикалық деңгейде өз мүмкіндіктерін көрсету, жарыс тәжірибесін жинақтауға, шеберлігін шыңдау және жаңа спорттық жетістіктерге тағы бір қадам жасауға септігін тигізетініне сенімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1293052?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version