Ақжайық ауданының Қабыршақты және Алғабас ауылдарында жаңадан салынған ветеринариялық пункттер пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов, БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Серікұлы Бралиев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Тілек Мақсотұлы Мухатов, аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы Сердалин, ветеринар мамандар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа ветеринариялық пункттер ветеринар мамандардың тиімді жұмыс істеуіне қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысандар ветеринар мамандардың жұмыс жағдайын жақсартуға, ветеринариялық іс-шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізуге және көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл – ҚР Президентінің ветеринария саласын реформалау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бағытындағы нақты қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1292623?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау