КӨГЕРТУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің Көгерту елді мекеніндегі оқушылардың мектепке қауіпсіз қатынауы мәселесі назарға алынды. Әлеуметтік желілерде елді мекеннің шеткі аумақтарында тұратын оқушылардың №38 Көгерту жалпы орта мектебіне қатынау кезіндегі қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдірілген болатын.
Осыған байланысты жағдайды зерделеу мақсатында Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев Көгерту елді мекеніне арнайы барып, оқушылардың мектепке барып-қайту бағытын бақылап, тұрғындармен кездесті.
№38 Көгерту жалпы орта мектебі 300 орынға лайықталған. Қазіргі таңда білім ордасында 172 оқушы білім алуда. Елді мекеннің шеткі нүктелерінен 50-ге жуық оқушы мектепке республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойымен жаяу қатынайды. Олардың жүріп өтетін жолының орташа ұзақтығы шамамен 1-1,5 шақырымды құрайды.
Жергілікті жерде жүргізілген зерделеу барысында әлеуметтік желілерде айтылғандай оқушылардың республикалық автожолды кесіп өтпейтіні анықталды. Дегенмен, оқушылардың жол жиегімен жаяу жүріп-тұратыны белгілі болды. Тұрғындар тарапынан осы бағытқа жаяу жүргіншілер жолын салу жөнінде ұсыныс айтылды.
Мәселені уақытша шешу мақсатында жауаптыталға жол жиегін арнайы техниканың көмегімен тегістеп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысына жағдай жасау тапсырылды.
— Балалардың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ әрі ең маңызды мәселе. Әлеуметтік желіде көтерілген әрбір орынды мәселе назардан тыс қалмауы тиіс. Біз бүгін жағдайды өз көзімізбен көріп, оқушылардың жүретін бағытын толық зерделедік. Қазіргі таңда уақытша қауіпсіз жағдай жасау үшін жол жиегін ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ал мәселені түбегейлі шешу үшін жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін алдағы мәслихат сессиясында көтеріп, қажетті қаражат қарастыратын боламыз, – деді Даурен Сариев.
Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында алдағы мәслихат сессиясында Көгерту елді мекеніндегі аталған бағытқа жаяу жүргіншілер жолын салуға қажетті қаражатты қарастыру жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1292434?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version