Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2026 жылғы 9+ қыркүйектегі №41 бұйрығына сәйкес, «Отырарауылнесие» кредиттік серіктестігі» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде орындамау негіз болды. Кредиттік серіктестік лицензиядан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «Кредиттік серіктестік» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе аталған заңды тұлға микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады деп болжайтын аббревиатураны алып тастау жолымен қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар клиенттер компания алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1292677?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау