ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
 
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті инвесторлармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инвесторларға Кентау қаласының инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіпкерлік жобаларды іске асыруға қолайлы жағдайлар таныстырылды.
Келіссөздерге Қытай Халық Республикасының түсті металдарды балқыту кезінде пайда болатын өндірістік қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және олардан бағалы металдарды алу бағытында жұмыс істейтін «Цзинъюань Гаонэн» компаниясының өкілдері қатысты.
Тараптар Кентау қаласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жаңа мүмкіндіктерді қарастыру және өзара тиімді ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады.
Қала әкімі инвестициялық жобалардың қала экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Алдағы уақытта келісілген екіжақты ынтымақтастық аясында аталған инвестжобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1292291?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version