Қатердің алдын алу: ШҚО-да отбасылық жанжалдардың профилактикасы күшейтіліді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қатердің алдын алу: ШҚО-да отбасылық жанжалдардың профилактикасы күшейтіліді

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бұл тек қатаң заңды шараларды ғана емес, сонымен қатар жүйелі профилактиканы талап ететін ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі.

Отбасылық жанжалдардың алдын алу және дабыл белгілерін уақтылы анықтау – есепте тұрған отбасылармен жұмыс істеудегі басты міндеттердің қатарында.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мұндай санаттағы отбасыларды тұрақты негізде аралап, профилактикалық әңгімелер жүргізеді, орындардағы ахуалды бағалайды және заң талаптары мен құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті түсіндіреді.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларға ерекше назар аударылады. Олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін полиция жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, әлеуметтік қорғау, білім беру қызметтерімен және басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Сондай-ақ өңірде зардап шеккендерге көмек көрсетілетін дағдарыс орталықтары мен баспаналар белсенді жұмыс істеп тұр.
2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында отбасылық зорлық-зомбылық туралы 2 500-ден астам арыз тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған. Ал дағдарыс орталықтарына 430 азамат жүгініп, оның ішінде 43 әйел баспанаға орналастырылды.

Құқық бұзушылықтардың жолын қатаң кесумен қатар, мұндай профилактиканың басты мақсаты – қайталанатын оқиғаларға жол бермеу және жағдай ушығып кетпей тұрып, әрбір отбасы мүшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі жабық есік артында қалмауы тиіс, өйткені уақтылы түскен белгі немесе ескерту әңгімесі нақты қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі.

 

ШҚО ПД баспсөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1292668?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version