Сеул қаласында өткен министрлер деңгейіндегі орман форумына қатысу аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.К. Шарбиев пен Корея орман қызметінің министрі Пак Ын Сик (Park Eunsik) арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру, орман ресурстарын басқарудың заманауи технологияларын енгізу, орман питомниктерін дамыту, сондай-ақ орман көміртегі жобаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар климаттық жобаларды іске асыру кезінде халықаралық ынтымақтастық тәсілдерін қолдануды көздейтін Париж келісімінің 6-бабы шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективалары жеке қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Корея Республикасының Орман қызметі, Азия орман ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында орман шаруашылығы, орман көміртегі және Париж келісімінің 6-бабына сәйкес ынтымақтастық тәсілдері саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум салынған папкалармен алмасу рәсімі өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1292466?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау