Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Қыркүйек 16, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



ҚАЗАҚСТАНДА БАҒАСЫ 1 АЕК-ТЕН ТӨМЕН ПРЕПАРАТТАР МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ

Жарияланды:

16/09/2026 14:10

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде құны 1 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 325 теңге болатын дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығаруда.

Бұл шара бәсекелестікті дамытуға, дәрілік заттардың ассортиментін кеңейтуге және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік заттың бағасы нарықтық тетіктердің негізінде қалыптастырылатын болады.

Бағасы төмен дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеуінен шығару нарық қатысушыларына сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, бағаны өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 Бағаларды кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі №105 бұйрығымен көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде бағасы реттелуге жататын дәрілік заттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Жаңартылған тізбеге сәйкес мемлекеттік баға реттеуіне жататын позициялардың саны 3 039-дан 1 827-ге дейін қысқартылды.

Осылайша, мемлекеттік реттеу неғұрлым нысаналы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қорғауды қажет ететін дәрілік заттарға шоғырландырылады.

Дәрілік заттардың бір бөлігін нарықтық баға белгілеу тетіктеріне көшіру фармацевтикалық нарық мониторингін күшейтумен қатар жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, бағаларды мониторингтеу және бақылау тетіктерін, оның ішінде тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жетілдіру мәселесін пысықтауда.

Цифрлық құралдар дәрілік заттарды қадағалауға және олардың айналымының әртүрлі кезеңдеріндегі нақты бағаларды талдауға мүмкіндік береді.

Бұл бағаның негізсіз өсуінің ықтимал белгілерін уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

2024 жылғы шілдеде міндетті таңбалау енгізілгеннен бері жүйе арқылы шамамен 1,1 млрд қаптама дәрілік зат өткізілді.

 Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың баға тұрғысынан қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 Дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кету фактілері анықталған жағдайда, DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы растайтын материалдарды (тауар чегі мен дәрілік заттың қаптамасын) қоса тіркеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне өтініш жіберуге болады.

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1292717?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Жамбыл облысы әкімдігінің командасы республикалық футзал турнирінде жүлделі орынға ие болды
Next: Қала әкімінің мәслихат депутаттарымен кездесуі→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version