Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ұлттық құраманың мүшелері алғашқы кезеңде семсерлесуден сынға түсті.
Жігіттер арасынан ең үздік көрсеткішті Темірлан Абдраимов тіркеп, 2-орынға тұрақтады. Одан бөлек, Лев Чувашов (13-орын), Тихон Варехин (14-орын), Кирилл Стадник (16-орын) те өз шеберліктерін ортаға салды.
Енді олар 18 қыркүйекте жарыс жолдарын жалғастырады.
Ал әйелдер арасында Диана Щедрова еліміздің атынан ең жоғарғы 12-орынды иеленді. Аяна Қазбекова 16-орынға, Юлиана Петрова 22-орынға жайғасты.
Аруларымыз ертең, 17 қыркүйекте жартылай финалда өнер көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1293061?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау