Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қабырғасында орналасқан Жас сайлаушылар аудиториясында «Сайлау құқығы және сайлау жүйелері» тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Дәрісті Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қыстаубаева Әсия Баянқызы жүргізді.
Дәріс барысында жастарға сайлау құқығының негізгі қағидаттары, сайлау жүйелерінің түрлері, сайлаудың тарихы, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыру тәртібі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушыларға сайлау процесіне қатысты өзекті мәселелер түсіндіріліп, олардың азаматтық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мәліметтер ұсынылды.
Іс-шара барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толықтай жауап алды. Бұл өз кезегінде жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттырып, олардың сайлау құқығы жөніндегі білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Дәріс соңында Экономика және құқық факультетінің деканы Бисембиева Жанаргүл Қорғанышқызы факультет деканаты атынан алғысын білдірді. Ол мұндай дәрістерді өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруда және азаматтық белсенділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта да осындай мазмұнды дәрістер мен кездесулерді бірлесіп ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді.
Іс-шара жастардың сайлау құқығы туралы білімін кеңейтіп, олардың қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуына бағытталған маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1292165?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау