Сала мамандары Маңғыстауда бас қосты: мұнай-газ секторындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікке арналған көшпелі кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған көшпелі семинар-кеңестің алғашқы  күні қорытындыланды. Жиын «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын талқылау» тақырыбына арналды. Аталған ауқымды іс-шараға ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Құлтайұлы Дубаев пен мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Ахан Арманұлы Телманов қатысты.
   Тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді ортақ талқылау алаңына еліміздің негізгі мұнай-газ өңірлерінің, атап айтқанда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ аталған өңірлердегі ірі өндірістік ұйымдардың мамандары жиналды. Сонымен қатар кеңеске Маңғыстау облысының жетекші мұнай өндіруші операторлары мен мұнай-сервистік компанияларының басшылары, өндірістік бақылау және еңбекті қорғау департаменттерінің сарапшылары қатысып, қауіпті нысандардағы техникалық қауіпсіздікті арттыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
   Семинар-кеңестің бірінші күні аясында қатысушылар 2025 жыл мен 2026 жылдың өткен кезеңінде орын алған оқиғалардың себептерін талдап, авариялардың алдын алу мен профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалады. Бұдан бөлек қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында цифрландыру мен инновациялық шешімдерді, атап айтқанда автоматтандырылған мониторингті, деректерді талдауды және жасанды интеллект элементтерін енгізу жолдарын айқындады. Сондай-ақ сала нысандарында қауіп-қатер факторларын ескере отырып, техникалық куәландыруды қолдану тәжірибесі мен оның авариялылық көрсеткіштерін төмендетуге тигізетін әсері сияқты заманауи тәсілдер қарастырылды. Бағдарламаға сәйкес семинар-кеңестің екінші күні өндірістік қауіпсіздік шараларының іс жүзінде қолданылуын зерделеуге арналған практикалық шаралармен жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1292732?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version