Ақтөбеде бизнестің қолдауымен жайлы қалалық ортаны қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Осындай жобалардың бірі – «Айна» скверін қайта жаңғырту. Бұл тұрақты даму саласындағы жоба Қазақстанда жаңартылатын энергетика саласында жұмыс істейтін италиялық Eni S.p.A. компаниясының еншілес құрылымы Plenitude Kazakhstan қолдауымен жүзеге асырылды.
Облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесуден соң, қала әкімі Азамат Бекет Eni Plenitude SpA компаниясының өкілдерімен бірге аталған скверде атқарылған жұмыстармен танысты.
Қайта жаңғырту жұмыстары шамамен 1 912 шаршы метр аумақты қамтыған. Мұнда брусчатка төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтар құрылды, жасыл желектер егіліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін, сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды, сондай-ақ автоматты суару жүйесін іске қосылған.
Бастама қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи, жайлы әрі қолжетімді жасыл кеңістік қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы, Ақтөбеде кәсіпкерлердің қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен «Таза Қазақстан» акциясы аясында 26 сквер мен бульварды абаттандыру жобасы жүзеге асырылуда. Ірі компаниялардың, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуы қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қосымша ресурстар бағыттауға мүмкіндік береді.
Eni Plenitude SpA компаниясының жаңартылатын энергетика бағытының басшысы Алессандро Делла Зоппа компанияның Ақтөбе облысында әлеуметтік бастамаларды одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1292908?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау