Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтің төрағалығымен күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Ұйымдастыру – жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор А. Исабеков 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының қорытындысын, орын алып отырған проблемалық мәселелерді баяндай отырып, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.
➜ Жиын қорытындысымен, құзырлы мемлекеттік органдардың жауапты өкілдеріне күзгі мерзімді әскерге шақыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumyldyru/press/news/details/1292447?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау