2026 жылғы 22 тамызда Петропавл қаласында 9 бен 13 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық турнир өтті. Іс-шараға 130-ға жуық бала қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру.
Спортпен жастайынан айналысу тәртіптілік, мақсатқа ұмтылу, жауапкершілік және өз денсаулығына ұқыпты қарау қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар балалардың ерте жастан қаржылық мәдениет негіздерін меңгеруі – қаражатқа ұқыпты қарауды, шығындарды жоспарлауды және қаржылық шешімдерді жауапкершілікпен қабылдауды үйрету маңызды.
Іс-шара барысында СҚО бойынша ЭТД қызметкерлері балаларға түсінікті түрде қаржылық қауіпсіздік ережелері, ақша қаражатына жауапкершілікпен қарау және қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде мұқият болу қажеттілігі туралы түсіндірді.
Осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік, тәртіптілік және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қызықты әрі қолжетімді түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара құқықтық мәдениетті және қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-sko/press/news/details/1292681?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау