Талғар аудандық мәслихатының аппараты «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қосылды!
Қазақстанда алғашқы рет бастау алған ауқымды «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына тіркелу ресми түрде басталғаны белгілі. Осы игі бастаманы қолдау мақсатында Талғар аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері бірауыздан жобаның ресми сайтына (www.reading-nation.kz) тіркеліп, рухани бәсекеге қадам басты.
Ұлттық деңгейдегі бұл маңызды жоба елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға, оқырмандар қатарын көбейтуге және заманауи зияткерлік орта қалыптастыруға бағытталған.
Мәслихат аппаратының ұжымы мемлекеттік қызметшілерге арналған бағыт бойынша бақ сынап, өз кәсіби біліктіліктері мен дүниетанымдарын кеңейтумен қатар, қоғамға үлгі көрсетуді мақсат етіп отыр.
«Зерделі ұлт — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт». Осындай биік мұратты көздеген ұлттық марафонға барлық әріптестерімізді және аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз!
Кітап оқуды өмір салтына айналдырайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-talgar/press/news/details/1292769?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау