“Тазалық – ел мәдениетінің айнасы”.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таза Қазақстан – табиғатты қорғау, туған жерді көркейту және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды экологиялық бастама.
Экоакция аясында жол бойындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаның тазалығы мен ауыл аумағының көркеюіне үлес қосылды. Таза әрі көрікті мекен – әрбір азаматтың ортақ мақсаты мен міндеті. Табиғатты аялау, туған жердің тазалығын сақтау – келешек ұрпаққа қалдырар ең қымбат аманатымыз.
Осындай игі істер елді бірлікке, жауапкершілікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке үндейді. «Таза Қазақстан» – тазалықты ғана емес, елге деген жанашырлықты, ортақ іске деген белсенділікті және экологиялық мәдениетті қалыптастыратын маңызды қозғалыс. Әрбір тазаланған аумақ, әрбір жасалған игі қадам – жарқын болашаққа бастар нақты үлес. Табиғатымыз таза, ауылымыз көрікті, еліміз еңселі болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1292259?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version