Ұландықтар әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, күрестің екі бағыты бойынша өткен әлем чемпионаттарында үздіктер қатарынан көрінді.

     Ташкентте әскери қызметшілер арасында кураш күресінен алғаш рет әлем чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға Қазақстан құрама командасының құрамында ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де бақтарын сынады.

     Чемпионаттың қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды.

     Сонымен қатар Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Карагуататуба қаласында жағажай самбосынан әлем чемпионатында Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Азат Қуанов 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

     Биыл алғаш рет Бразилияда ұйымдастырылған әлемдік додаға әлемнің әр елінен келген үздік спортшылар қатысты. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында сегіз салмақ дәрежесі бойынша жеке белдесулерді, сондай-ақ аралас форматтағы командалық сайыстарды қамтыды.

     Жарыс қорытындысы бойынша ефрейтор Азат Қуанов жүлделі үшінші орынға ие болды.

     Әскери қызмет пен жоғары спорттық жетістікті қатар алып жүрген Ұландық сарбаздар мен қызметшілердің жеңістері отандық спорттың дамуына және Ұлттық ұланның спорттық дәстүрін қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1292923?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version