ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛЫП, БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ
Жетісай ауданында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, заңсыз құрылыс жұмыстарының алдын алу және көлеңкелі кәсіпкерлікке қарсы күресті күшейту бағытындағы жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындау мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен алқалы жиын өтті.
Жиын барысында аудандағы заңсыз құрылыс нысандарын анықтау және олардың алдын алу, қызыл сызыққа салынған нысандар бойынша заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылдау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, көлеңкелі бизнеспен айналысудың жолын кесу бағытындағы рейдтік жұмыстарды, бақылау шараларын күшейту қажеттігі айтылды.
Жауапты сала мамандары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, анықталған заң бұзушылықтар мен оларды жою бағытында қолға алынған шаралар туралы баяндады. Алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарды таныстырды.
Аудан әкімі заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, анықталған заң бұзушылықтарға тиісті құқықтық баға беру және алдын алу шараларын жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында салаға жауапты орынбасары Айдос Исмаилов пен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау жүктелді. Ұсыныс-пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1292978?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау