Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жаңаөзен қаласында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен кездесіп, жас жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін түсіндірді.
Мамандар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жолдан қауіпсіз өту, бағдаршамның түстерін дұрыс ажырату және жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану тәртібі туралы қарапайым әрі түсінікті түрде ақпарат берді.
Кездесу барысында балаларға жол бойында сақтық таныту, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеу және жолдан өту кезінде айналаға мұқият болу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығы белгіленген ережелерді сақтауы маңызды екенін атап өтті.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай профилактикалық кездесулер балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жол қозғалысы ережелерін ерте жастан үйрету – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерінің бірі.
Баланың қауіпсіздігі – ата-анаға ғана емес, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Әрбір жол қозғалысына қатысушы белгіленген ережелерді сақтап, балаларға қауіпсіз мінез-құлықтың үлгісін көрсетуі қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1292964?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау