https://www.instagram.com/reel/DdVkOa6qstm/?stkn=MTllOWVwZjZ5aTFvYg==
Әйтеке би ауданында тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында ашық есік күні өтті.
Кездесу барысында арнайы БЖЗҚ АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Ж.ШАЙХИМОВ зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері жөнінде кеңінен түсіндіріп, салымшылардың зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру тәртібіне тоқталды.
Сондай-ақ қатысушыларға инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметі туралы толық әрі өзекті ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталы арқылы өз бетінше алуға болатыны түсіндірілді.
Ашық есік күні — тұрғындар үшін көкейдегі сауалдарға жауап алып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мүмкіндіктері мен жаңалықтары туралы нақты ақпаратқа қанығуға жақсы мүмкіндік болды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша БЖЗҚ мамандарына сауалдарын қойып, білікті кеңес алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1293315?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау