Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Н. Тұрсынханов Қазақстанның сақтандыру нарығы үшін кәсіби құзыреттер мен кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«CII-мен өзара іс-қимыл халықаралық тәжірибені зерделеуге, кәсіби оқыту тәсілдерін жетілдіруге және сақтандыру нарығының заманауи талаптарына сәйкес келетін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай ынтымақтастық сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыруға және қазақстандық сақтандыру секторының халықаралық кәсіби қоғамдастыққа одан әрі интеграциялануына ықпал ететін болады», – деп атап өтті Агенттік Төрағасының орынбасары.

Кездесу қорытындысы бойынша Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен білім беру және ақпараттық бастамаларды іске асыруға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандум ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен сақтандыру саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз жасайды.

Chartered Insurance Institute (CII) – бұл Корольдік хартия  (Royal Charter) негізінде жұмыс істейтін Ұлыбританияның кәсіби институты. Ол сақтандыру, тәуекелдерді басқару және қаржылық қызметтер саласындағы мамандарды біріктіреді. Институт кәсіби стандарттарды әзірлейді, білім беру бағдарламаларын іске асырады және мамандарды халықаралық деңгейде танылған сертификаттауды жүргізеді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1293367?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version