Ресми сапар аясында Алматы қаласының медицина қызметкерлерінен құралған делегация Гуанчжоу қытай медицинасы университетінің Клиникалық акупунктура және оңалту институтында болды.
Қонақтар қытай медицинасының дәстүрлі әдістері медициналық оңалтудың заманауи технологияларымен ұштасатын институт жұмысының негізгі бағыттарымен танысты.
Мамандар инемен рефлекстік емдеуді, күйдіруді, туйна емдік массажын, сондай-ақ пациенттерді сауықтырудың заманауи тәсілдерін қолданады.
Алматылық мамандардың ерекше назарын ауыр неврологиялық аурулар мен күрделі ортопедиялық патологиялардан кейінгі пациенттерді оңалту бағдарламалары өзіне аударды.
Сапар барысында тараптар қолданылатын емдеу және сауықтыру әдістерін, сондай-ақ бұдан былайғы кәсіби өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.
Алматыдан барған делегацияны Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Б. Нұрлыханов бастап барды.
Делегация құрамына мамандар А.Т. Чорманов, Х.А. Дасибеков, М.М. Әлиев, Б.М. Ағлақов, М.С. Алматов және К.Ю. Ли енді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1293340?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау