Ақтауда студенттер жатақханаларындағы жағдай тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында студенттер тұратын жатақханалардағы жағдайды зерделеу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Курунбаев Мадияр Оразабайұлы және Ақтау қаласы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рахаев Нурлан Аллабергенұлы қатысты.

Тексеру барысында студенттердің тұру жағдайлары қаралып, олардың қауіпсіздігіне, тұрмыстық жағдайына және құқықтық тәртіптің сақталуына назар аударылды.

Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – жастардың денсаулығын сақтауға ықпал ету, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру.

Студенттік кезең – жастардың дербес өмірге қадам басып, жаңа ортаға бейімделетін маңызды кезең. Осы уақытта оқу жүктемесі мен әлеуметтік ортаға байланысты түрлі күйзеліс жағдайлары туындауы мүмкін. Сондықтан жастар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңызы зор.

Полиция қызметкерлері студенттермен әңгімелесу барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, зиянды әдеттерден аулақ болу және қиын жағдайларға тап болған кезде тиісті көмекке жүгіну қажеттігін түсіндірді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың қауіпсіз ортада білім алып, тұруына жағдай жасауға және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1292965?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version